Сапаров 1-2 мамырды аза тұту күндері деп жариялады

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қырғызстан Республикасында 1-2 мамыр күндерін ұлттық аза тұту күндері жарияланған Жарлыққа қол қойды.

1631897
Сапаров 1-2 мамырды аза тұту күндері деп жариялады

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қырғызстан Республикасында 1-2 мамыр күндерін ұлттық аза тұту күндері жарияланған Жарлыққа қол қойды.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы су желісін бақылау себебімен шыққан қарулы қақтығыста екі жақтан кемінде 31 адамның қаза тапқаны және  134 адамның жарақат алғаны жарияланған еді. 

Тәжікстан баспасөзі де 8 Тәжікстан азаматының қаза тапқанын, 90-нан астам адамның жарақат алғанын жазған еді. 

Осы оқиғаларға орай Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефонда сөйлесті. 

Екі лидер мамыр айының екінші жартысында Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында кездесетін болды. 

Екі ел үкіметтер арасы шекараны анықтау делегациялары да 1 мамырда Қызрғызстанның Баткен аймағында бас қосу тақырыбында келісті. 

 



Ұқсас жаңалықтар