Әзербайжандық 12 ардагер Түркияға емделуге жіберілді

Таулы Қарабах соғысында жарақат алған 12 ардагер емделу үшін Түркияға жіберілді.

1625706
Әзербайжандық 12 ардагер Түркияға емделуге жіберілді

Таулы Қарабахтағы соғыста жарақат алған 12 әзербайжандық ардагер емделу үшін Түркияға жіберілді.

Шейіт жанұялары мен ардагерлердің проблемаларын шешу үшін Әзербайжан мемлекеті тарапынан құрылған «Өмір» қорынан жасалған мәлімдемеде түрік және әзербайжандық дәрігерлердің ортақ көзқарастары назарға алынып, 12 ардагердің емделу және оңалту кезеңінің Түркияда жалғасатыны білдірілді.

Мәлімдемеде «Өмір» қорының бұдан кейін де қажет жағдайда ауыр жаралы ардагерлердің емделуі үшін шетелге жіберілуін қамтамасыз ететіні атап көрсетілді.

«Өмір» қоры мұның алдында тағы 51 ардагерді емделу үшін Түркияға жіберген болатын.



Ұқсас жаңалықтар