Шыңғыс Айтматовтың жан жары қайтыс болды

79 жасар Мария Айтматова ауруханада жатқан болатын.

1625370
Шыңғыс Айтматовтың жан жары қайтыс болды

Қырғыздың әлемге танымал қаламгері Шыңғыс Айтматовтың жұбайы Мария Айтматова коронавирустан қайтыс болды.  79 жасар Мария Айтматова ауруханада жатқан болатын.

Айтматованың келіні Сабира Айтматова әлеуметтік желі арқылы жан сақтау бөлімінде жатқан Мария Айтматованың Бішкектегі ауруханада қайтыс болғанын хабарлады. «Анам өте биязы және дана әйел болатын. Отбасымыз үшін үлкен қайғы» деді ол.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров та көңіл айту хабарламасын жариялап, Мариям Айтматованың қазасына деген қайғысын тілге тиек етті.

Шығармалары 157 тілге аударылған Шыңғыс Айтматов 2008 жылдың мамыр айында Татарстанда жүрген кезінде науқастанып,  Германияға жеткізілді.   Ол сол жылы 10 маусым күні қайтыс болған еді.



Ұқсас жаңалықтар