Өзбекстан министріне Түркиядан кеңесші

Диқан оқыту орталығының басшылығына Түркиядан маман тағайындалды.

1625664
Өзбекстан министріне Түркиядан кеңесші

Өзбекстан Егіншілік министрі Шамшит Ходжаевтің кеңесшілігіне және министрлік жанындағы Диқан оқыту орталығының басшылығына Түркиядан маман тағайындалды.  Бұл міндеттерге Түркияның Ыспарта қалалық егіншілік басшылығы қызметін атқарған Седат Колжуоғлу тағайындалды.

Бұл туралы Өзбекстан Егіншілік министрлігі хабарлама жариялады.  Шамамен екі жылдан бері Өзбекстанда бір фирманың басшысы болып қызмет атқарған Колжуоғлу министрдің шешімімен кеңесшілік қызметіне тағайындалды. Ол Өзбекстан Егіншілік министрінің кеңесшісі қызметінде елде диқандардың оқытылуы, егіншілік саласында жаңа технологиялардың атқарылуы, халықаралық ынтымақтастықтар мен Түркия тәжірибесін жеткізуге міндетті болады.

Седат Колжуоғлу Әлемдік банк қолдауы және ауылдық жерлердің дамуы жобалары шеңберінде Өзбекстанда диқандарды оқыту бағдарламаларының жетілдірілуіне және ел көлемінде диқандарды оқыту орталықтарының құрылуына басшылық жасайды.



Ұқсас жаңалықтар