«Орталық Азия» Халықаралық сауда-экономикалық орталығының құрылысы басталды

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов кездесті.

1619788
«Орталық Азия» Халықаралық сауда-экономикалық орталығының құрылысы басталды

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында «Орталық Азия» Халықаралық сауда-экономикалық орталығының құрылысы басталды.

Сауда-экономикалық орталықтың іргетасын қалау рәсіміне ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов қатысты.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы «Жібек жолы» бақылау-өткізу бекетінде Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповпен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы инвестиция, сауда, ауыл шаруашылығы, транзит, туризм, ғарыш, өнеркәсіп, жалпы су ресурстарын пайдалану сияқты салалардағы ынтымақтастықты талқылады.

Сонымен қатар Қазақстанның Түркістан қаласы мен Өзбекстанның астанасы Ташкентті байланыстыратын «Түркістан-Шымкент-Ташкент» бағыты бойынша жүрдек теміржол желісінің құрылысына ерекше назар аударылды.

Кездесуде екі ел арасындағы теміржол тасымалын дамыту бойынша бірлескен зерттеулер туралы хаттамаға қол қойылды.

Премьер-министрлер келіссөздер аяқталғаннан кейін Қазақстан-Өзбекстан шекарасында пайдалануға берілетін «Орталық Азия» Халықаралық сауда-экономикалық орталығын салуға бастамашы болды.

Сауда орталығының жалпы аумағы 400 гектарды құрайды және тәулігіне 35 мың жолаушы мен 5 мың жүк көлігін қабылдай алады.

Орталық Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен инвестициялық жобаларын іске асыруға арналған ірі өнеркәсіптік, сауда-логистикалық алаң ретінде жобаланған.



Ұқсас жаңалықтар