Қазақ министр Алтунмен кездесті

Кездесуде қоғамдық дипломатия жұмыстары және екі ел арасындағы мәдениет, коммуникация және медиа саласындағы ынтымақтастық тақырыптары қолға алынды.

1616183
Қазақ министр Алтунмен кездесті

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Қазақстан Информация және қоғамдық даму министрі Аида Балаевамен оңаша және делегация аралық кездесу өткізді.

Коммуникация басқармасындағы жиналыста Түркия мен Қазақстан қарым-қатынастарымен бірге қоғамдық дипломатия жұмыстары және екі ел арасындағы мәдениет, коммуникация және медиа саласындағы ынтымақтастық тақырыптары қолға алынды.

Фахреттин Алтун кездесуде түрік-қазақ байланыстарында түрік әлемі елдері арасындағы ұйымшылдық рухын көргендерін, елдер арасында медиа және коммуникация саласында ынтымақтастық жетілдіру арқылы екі жақты қатынастарды байыта түсетіндерін атап көрсетті.  

Қазақстанмен әрі медиа, әрі фильм және телехикая саласы, әрі қоғамдық дипломатия саласындағы серіктестік жүргізетіндерін білдірген Алтун қысқа уақытта ортақ жұмыс топтарын қалыптастырып, нақты қадам басатындарын айтты.

Қазақ министр Аида Балаев да кездесулердің екі ел қатынастарына жаңа серпін беретінін айтып,  әсіресе медиа саласындағы ынтымақтастықтың өте маңызды екенін атап көрсетті



Ұқсас жаңалықтар