Аттила туралы ғылыми еңбек жарық көрді

Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен жарық көрген кітап ағылшын тілінде.

1616449
Аттила туралы  ғылыми еңбек жарық көрді

Халықаралық Түркі академиясы Мажарстан және Қазақстан Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен аты аңызға айталған ғұн әміршісі Аттила туралы “The Lord of Europe Attila” (Еуропа әміршісі Аттила) атты ғылыми еңбекті таныстырды. Академияның қолдауымен ағылшын тілінде жарық көрген аталмыш еңбектің авторы  – көрнекті ғалым, ғұн тарихының білікті маманы, Мажарстанның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Борбала Обрушански.

Ғылыми еңбек тың деректерімен және арғы ғұн замандарынан орта ғасырдағы түркі дәуіріне дейінгі дәстүр сабақтастығын жаңа көзқарас тұрғысынан саралағанымен ерекшеленеді.

Халықаралық Түркі академиясында өткен жаңа басылымның тұсаукесер рәсіміне Мажарстанның  Сыртқы сауда және сыртқы істер министрі Петер Сийярто, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі  Михай Галошфай, сонымен қатар Мажарстан делегациясы, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

 

 

Сурет пен мәтін академияның баспасөз қызметінен алынды.



Ұқсас жаңалықтар