Селчук Байрактарға "Қарабах" ордені

Ильхам Әлиев Байкар компаниясының техникалық директоры Селчук Байрактарға «Қарабах» орденін тақты.

1612966
Селчук Байрактарға "Қарабах" ордені

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Байкар компаниясының техникалық директоры Селчук Байрактарға «Қарабах» орденін тақты.

Әлиев Бакуге барған Селчук Байрактар мен АСЕЛСАН Атқару комитетінің төрағасы Халук Гөргүнді қабылдады.

Кездесуде қорғаныс саласындағы ынтымақтастық, Қарабах соғысының бағытын өзгерткен ұшқышсыз әуе көліктері және технологиядағы жаңалықтар қолға алынды. Қабылдаудан кейін президент Таулы Қарабах соғысында Әзербайжан жерінің оккупациясыдан құтқарылуында қызметі үшін берілетін «Қарабах» орденін Селчук Байрактарға тақты.

Байкар компаниясының ұшқышсыз әуе көліктері Таулы Қарабах соғысында маңызды рол ойнаған болатын.

Селчук Байрактар «Әкем Өздемир Байрактар және ағам Халук Байрактармен бірге Әзербайжанның президенті Ильхам Әлиев тарапынан «Қарабах» орденіне лайық деп табылғанымызды мақтан тұтамыз. Бір ұлт, екі мемлекеттің ортақ болашағы үшін жұмыс істеуімізді жалғастырамыз» деп хабарлама жасады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар