Президент Татар мешіт шабуылын айыптады

СКТР президенті Эрсин Татар Лимасол қаласындағы бір мешітке жасалған шабуылды айыптады.

1608885
Президент Татар мешіт шабуылын айыптады

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігінің (ОКПӘ) Лимасол қаласындағы мешітке жасалған шабуылды айыптап, жауаптыларын тұтқындауға шақырды.

СКТР Президенттік баспасөз және халықпен қатынастар дирекциясынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Татар бұрын болғандай бүгін де Кипр мәселесімен байланысты келіссөз кезеңі алдында понтилердің провокациялармен күн тәртібіне келгенін атап көрсетті.

Татар ОКПӘ жеріндегі мешіттер, діни және қасиетті орындардың шабуылға ұшырағанын, сәрсенбі күні де грек көтерілісінің 200 жылдығында Лимасолдағы мешіттің қабырғасына «Барлық түріктер өліңдер» деп нәсілшіл және фашист жазулар жазылғанын жеткізді.

Татар бұл оқиғамен понтилердің санасының тағы көз алдында көрінгенін атап, «Понти әкімшілігі мен басшыларына ұсынысымыз, мұндай нәсілшіл және фашист шабуылдарды ұйымдастырып, қолдау бермеулері, бұлардың алдын алуы және жауапкерлерінің тез арада тұтқындалуы. Тілегіміз осы» деді.

Премьер-министр Эрсан Санер болса мешітке жасалған шабуыл мен нәсілшіл ұстанымды айыптады.

Санер жасалған әрекеттің провокация екенін және қабылданбайтынын понти әкімшілігінің оқиғаның жауапкерлерін заң органдарының алдына шығару керектігін баса айтты.

Қылмыстылардың жазасыз қалмау керектігін атап көрсеткен Санер Оңтүстік Кипрде мұның алдында да мешіттерге жасалған әртүрлі шабуылдар мен Оңтүстік Кипр жеріне барған Кипрлік түріктерге бағытталған нәсілшіл шабуылдардың ешбірінің қылмыскерлерінің ұсталмағанын және барлық шабуылдардың жазасыз қалдырылғанын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар