Нұр-Сұлтанда Чанаккале шейіттері үшін рәсім

Түркия елшілігінде 18 наурыз Чанаккале Теңіз жеңісінің 106 жылдығына орайрәсім өткізілді.

1604097
Нұр-Сұлтанда Чанаккале шейіттері үшін рәсім

Қазақстандағы Түркия елшілігінде 18 наурыз Чанаккале Теңіз жеңісінің 106 жылдығына орай және Түркияның мемлекеттік әнұранының қабылдануы құрметіне ресми рәсім өткізілді. 

Рәсімнің басында шейіттердің құрметіне бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Салтанатты жиынға Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшісі Уфук Экиджи, елшілік қызметкерлері және  елордада орналасқан түрік мекемелерінің өкілдері қатысты.
Елші Экиджи рәсімде сөйлеген сөзінде Чанаккале соғысының түрік тарихындағы ең маңызды шайқастардың бірі болғанын атап өтті. "Чанаккаледегі жеңіс түріктер үшін қайта тірілудің символы болды."- деді елші.
Ол Чанаккаледегі шайқастың түрік ұлтына  үміт пен сенім бергенін атап өтіп, сөзін  "Ұлы ақын айтқандай, байрақты байрақ  қылатын - шейіттердің төгілген қаны. Отанымызды бізге тапсырған және еліміз үшін өз өмірлерін құрбан еткен барлық шейіттеріміз бен ардагерлерімізді ешқашан ұмытпаймыз." - деп жалғады.

Түркияның елшісі Режеп Тайып Ердоғанның Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында тұратын 6 жасар Байжігіт Ерболатқа жіберген сыйлығын тапсырды.
Қазақтың ұлттық ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа білетін кішкентай Байжігіт былтыр Ердоғанға видео арқылы Абайдың "Достық" атты өлеңін оқып берген еді.
Сонымен қатар мерекеге орай Қазақ Ұлттық өнер университетінің оқытушысы Досым Мақсұтов Түркияның әнұранын домбырамен орындады, ал Юнус Эмре түрік мәдени орталығының студенті Мұхамедияр Аңқабаев Мехмет Акиф Ерсойдың "Чанаккале шейіттеріне" атты өлеңін жатқа оқыды.
Рәсім "Чанаккале Жеңісі" туралы қысқа метражды фильм көрсетілімімен және фотокөрмемен аяқталды.



Ұқсас жаңалықтар