Фуат Октай Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

Президенттік сарайда өткен кездесуде Фуат Октай Қазақстан тәуелсіздігінің 29 жылдығын құттықттықтады.

1603304
Фуат Октай Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

Президенттің орынбасары Фуат Октай Қазақстан премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады.

Анкарадағы Президенттік сарайда өткізілген кездесуде Фуат Октай Қазақстан тәуелсіздігінің 29 жылдығын құттықттықтап, екі ел арасындағы сауда қарым-қатынастарындағы ынтымақтастықты бекемдеу керектігін айтты. 

Октай екі ел арасындағы инвестиция жасырын күші мол екенін дәріптеп, өзара мүдделерге сай қорғаныс, дәрі-дәрмек, ғылым технология және энергия секторларында ынтымақатстық жасауға болатынын атап айтты. 

31 наурызда өтуі жоспарланған Түркі Тілдес елдер  ынтымақтастық кеңесі стратегиялық қара шаңырақ екенін айтқан Октай екі ел лидерлерінің көптеген мәселенің шешіміне бастамашы болатынын білдірді.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрік Кеңесінің жиналысына президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысатынына риза болғанын жеткізді. 

Қазақстанның мол жер асты байлығына, Түркияның технологиялық инфрақұрылымға ие екенін айтқан Тілеуберді аталмыш салалардағы ынтымақтасты арттырудың пайдалы болатынын, Аралас Экономикалық комиссияның осы тұрғыдан жақсы платформа екенін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар