Түркия және Өзбекстан сыртқы істер министрлері баспасөз мәслихатын өткізді

Чавушоғлу мен Камилов екі ел арасындағы ынтымақтастық келісімдеріне де қол қойды.

1597765
Түркия және Өзбекстан сыртқы істер министрлері баспасөз мәслихатын өткізді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Өзбекстанның реформа процесіне қолдауын жалғастыратынын айтты.

Өзбекстандағы байланыстарын жалғастырған Түркия Сыртқы істер министрі Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен бас қосты. Артынан екі министр Стратегиялық жоспарлау бойынша біріккен топ жиналысына қатысты.  Екі министр кейіннен баспасөз мәслихатын өткізді.

Чавушоғлу мен Камилов екі ел арасындағы ынтымақтастық келісімдеріне де қол қойды. Мевлүт Чавушоғлу Түркия мен Өзбекстан арасындағы алғашқы саммитте қабылданған шешімдер мен келісімдердің орындалу барысын тексергендерін білдірді.  Ол екінші саммиттің дайындықтары басталғанын айтты. Түрік министрі болашақта әсіресе сауданы арттыру мақсатында келісімге қол қоятындарын айтты.  Ол қатынас байланыстарының нығайтылуын,  қорғаныс өнеркәсібі, әскери және қауіпсіздік тақырыптарын,  білім беру мен мәдени ынтымақтастықты қолға алғандарын атап көрсетті.

Камилов та Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші жиналысы мақсатымен биыл Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоғанды Өзбекстанға шақырғандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар