Нұр-Сұлтанда әйелдер мерекесі

Нұр-Сұлтан әкімдігі әйелдерді марапаттады.

1597521
Нұр-Сұлтанда әйелдер мерекесі

Қазақстанда 8 наурыз Әйелдердің халықаралық күніне байланысты түрлі салада жұмыс істейтін әйелдерге «Алғыс хат» тапсырылды.

Айырықша төрт күндік «1001 Қызғалдақ» акциясы шеңберінде бас қала Нұр –Сұлтан көшелерінде әйелдерге гүл сыйланды.

Қазақстанда Әйелдердің халықаралық күні кең ауқымда тойланады.  Осы күнге орай бас қала Нұр-Сұлтан әкімдігі жұмыстарында табысқа жеткен әйелдерді құттықтап, оларға «Алғыс хат» тапсырды.
Әкімдікте, медицина,  білім беру, баспасөз саласы секілді түрлі салада жұмыс істейтін әйелдерді құттықтаған басшылар табысты тіледі.

Сонымен қатар бас қалада «1001 қызғалдақ» акциясы жүргізілді.
Акцияда жас кәсіпкерлерді де қосқанда барлығы жиырма ерікті орын алды. Еріктілер мерекеге орай қоғамдық қызмет,  мәдени мекемелер, медицина және әлеуметтік орындарда жұмыс істейтін әйелдерге гүл сыйлады.

TRT Нұр-Сұлтан

Жанар Салыбай

 



Ұқсас жаңалықтар