Қазақстан елшісі Түркияның Пошта ұйымының басшысымен кездесті
Кездесуде Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыс саласындағы ынтымақтастық тілге тиек болды.
Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркия пошта және телеграф ұйымының (РТТ) Бас директоры Хакан Гултенмен кездесті.
Кездесуде Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыс саласындағы ынтымақтастық тілге тиек болды. Сондай – ақ болашақта бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі талқыланды. Атап айтқанда Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «РТТ» ұйымымен бірлесе арнайы марка, конверт, ашық хат үлгілерін басып шығару мәселелері қарастырылды. Елші А. Сапарбекұлы мұндай жобалар екі бауырлас елдердің мәдени және рухани байланысын нығайтуда маңызды рөл атқаратынын баса айтты.
«РТТ» Бас директоры Х.Гултен өз сөзінде екі ел арасындағы байланыстарын дамыту жолындағы жобаларға әрқашан қолдау көрсететінін мәлімдеді. Осы ретте екі ел пошта ұйымдары арасында озық технология, банктік қызмет сынды салалардағы тығыз ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді.
Мәтін мен сурет елшілік баспасөз қызметінен алынды.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Ердоған Әлиевпен сөйлесті
Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.