Қырғызстанда Мемлекеттік ту күні

Астана Бішкекте ту рәсімі Алатау алаңында өтті.

1594146
Қырғызстанда Мемлекеттік ту күні

Қырғызстанда 3 наурыз Мемлекеттік ту күніне орай ел көлемінде ресми рәсімдер ұйымдастырылды.

Астана Бішкекте ту рәсімі Алатау алаңында өтті.

Ұлттық ән ұран шырқалғаннан кейін сөз сөйлеген Бішкек қаласының уақытша әкімі Бақтыбей Құдайбергенов «Парламент 29 жыл бұрын 3 наурыз күні Қырғызстан Мемлекеттік Туын қабылдады.  Тәуелсіз Қырғызстанда ту бірінші рет 1992 жылы 5 наурызда желбіреді.  Туды Еділ Айдарбеков, Бекбосын Жайчыбеков, Сабыр Иптаров, Жүсіп Матаев және Маматбек Сыдыковтар дайындады.  Мемлекеттік ту күні 2010 жылдан бері ресми түрде тойлануда» деді.

Қазақстанның бас қаласы Нұр-Сұлтанда ресми сапармен байланыстарын жалғастырған президент Садыр Жапаров та атаулы күнге орай құттықтау жариялады.  Ол қызыл тудың елдің тәуелсіздігін бейнелейтінін, қырғыз халқының рухани құндылықтары мен тарихи жолын көрсететінін атап көрсетті. Ата-бабаның дәстүрін жалғастыра отырып,  елдің болашағы үшін бір ту астында бірлесу керектігін айтқан президент халықты Мемлекеттік ту күнімен құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар