Алтун Анар Керимовпен кездесті

Әзербайжан Мәдениет министрі Анар Керимов жаңа міндетіндегі алғашқы сапарын Түркияға жасағанына қуанышты екенін жеткізді.

1593829
Алтун Анар Керимовпен кездесті

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун астана Анкарада Әзербайжан Мәдениет министрі Анар Керимовпен кездесу өткізді.

Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде төраға Алтун Әзербайжан Мәдениет министрі Анар Керимовпен делегациялар арасында кездесу өткізді.

Жиналыста коммуникация, медиа, мәдениет, сериал және кинотеатр салаларындағы ынтымақтастықты  жетілдіру тақырыптары талқыланды.
Фахреттин Алтун делегациялар кездесуінде Түркия мен Әзербайжан арасында барлық саладағы кездесулерді көбейтуге риза болатындарын айтты.

"Екі ел, бір ұлт" көзқарасын ауыз жүзінде ғана емес, әлемге көрсеткендерін айтқан Алтун Қарабахтың құтқарылуы процесінде әскери және саяси ғана емес, коммуникация мен медиа саласында да тығыз ынтымақтастықта болғандарын баяндады.  

Әзербайжан Мәдениет министрі Анар Керимов жаңа міндетіндегі алғашқы сапарын Түркияға жасағанына қуанышты екенін жеткізді.

Керимов:

"Бауырлас Түркияның қолдауын тек Қарабах соғысында ғана емес, тарих бойынша сезіндік.100 жылдың алдында Кавказ Ислам армиясымен бірге Әзербайжанды, Бакуді құтқардық. Қарабахты сіздің қолдауыңызбен азат еттік. Түрік еліне және бауырластарымызға алғысымыз шексіз. Осы қолдауды ұмытпадық, ұмытпаймыз да" деді.   



Ұқсас жаңалықтар