"Әзербайжанда түрік армиясының шағын моделін қалыптастырамыз"

Әзербайжан президенті түрік армиясын мақтады.

1591660
"Әзербайжанда түрік армиясының шағын моделін қалыптастырамыз"

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев жаңа келісімдерге қол қойылғанын, Түркияда өндірілген ең заманауи қарулардың Әзербайжанға жеткізілуі үшін келісімге келгендерін білдірді. «Әзербайжанда түрік армиясының шағын моделін қалыптастырамыз.  Түрік армиясы моделі біз үшін ең ыңғайлы әдіс» деді ол.

Президент Әлиев видео конференция арқылы жергілікті және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді. Армения күштерінің жазықсыз әзербайжандық тұрғындарды Ходжалыда қырып, соғыс қылмысын жасағанын білдірген ол Ходжалы құрбандарының кегін алғандарын айтты.

«Жалғастыруда болатын бейбітшілікті қалаймыз.  Дұшпандықты аяқтақтау үшін бұл – жалғыз жол.  Бейбітшілік баршаға, Арменияға да пайда әкеледі.  Армения осыны түсіну керек.» деді ол.

Президент Түркияның көмегі жөнінде «Бізге берілген саяси және рухани көмек әрі бізге күш-қуат берді,  әрі кейбірі үшін белгі. Түркия бүгінгі күні әлем көлемінде күш орталығы. Аймақтағы оқиғаларда жақсы рол атқарады» деді.

Ол түрік армиясының қабілетін мақтап: «Әзербайжанда түрік армиясының шағын моделін қалыптастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар