Тұрғын үйде жарылыс болды

Екі адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды.

1588150
Тұрғын үйде жарылыс болды

Кеше Қазақстанның Петропавл қаласында көп қабатты бір үйдің  бірінші қабатында газ баллоны жарылды.

Бес қабатты үйдегі осы оқиғадан екі адам қаза тауып, біреуі ауыр халде жансақтау бөлімшесіне жеткізілді. Барлығы 16 адам жарақат алды. 120 адам қауіпсіз жерге жеткізілді.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Ғимаратты жөнге келтіруге қажет қаражат қала бюджетінен бөлінеді. Пәтер иелеріне бірреттік материалдық көмек беріледі. Бір де бір адам назарсыз қалмайды», - деді.



Ұқсас жаңалықтар