Әзербайжаннан Түркияның климат өзгерісімен күресіне мақтау

Метеорология Бас дирекциясы ұйымдастырған «Түрік әлемі метеорология форумы» аяқталды.

1586942
Әзербайжаннан Түркияның климат өзгерісімен күресіне мақтау

Әзербайжан премьер-министрі Али Асадов Түркияның қысқа уақыт бұрын климат өзгерісімен күрес тақырыбында жаңа нысаналары мен жол картасын жариялағанын атап, бұл бағдарламаның Түркияның жаһандық климат өзгерісімен күресіне үлес қосатынын білдірді.

Метеорология Бас дирекциясы ұйымдастырған «Түрік әлемі метеорология форумы» Ауылшаруашылық және орман министрі Бекир Пакдемирли басшылығында вице-президент Фуат Октай, Әзербайжан премьер-министрі Али Асадов мен Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсойдың қатысуымен Ауылшаруашылығы және орман министрлігіне қарасты Апаттар мен төтенше жағдайларды басқару орталығында бейнеконференция арқылы жүзеге асты.

Жиналысқа Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркменстаннан өкілдер қатысты.

Әзербайжан премьер-министрі Асадов осы жерде сөйлеген сөзінде Түркияның климат өзгерісімен күрес талпыныстарына жоғары баға берді.

Түркияның қысқа уақыт бұрын климат өзгерісімен күрес тақырыбында жаңа нысаналары мен жол картасын жариялағанын атап көрсеткен Асадов «Бұл бағдарламаның Түркияның жаһандық климат өзгерісімен күресіне үлес қосатынына сенімдіміз. Түркітілдес елдердің бірлігі мен бауырластығы елдеріміз үшін де, құқығымыз үшін де, аймақ үшін де маңызды бір фактор болып табылады» деді.

Көптеген жылдар бойы бұл «бірлікті» көрсетіп келе жатқанын айтқан Асадов Таулы Қарабахта Әзербайжан армиясының жеңісімен аяқталған 44 күндік соғыста Әзербайжанға моральдық қолдауы үшін Президент Режеп Тайып Ердоған, вице-президент Фуат Октай және түрік халқына алғыс айтты.

Ауыл шаруашылығы және орман министрі Пакдемирли Әзербайжан премьер-министрі Асадовқа ескерткіш тақтайша табыс етті.



Ұқсас жаңалықтар