Әзербайжан премьер-министрі келеді

Екі ел арасындағы Аралас экономикалық комитеттің жиналысы болады.

1585404
Әзербайжан премьер-министрі келеді

Әзербайжан премьер-министрі Али Асадов пен қасындағы делегация Түркия-Әзербайжан 9-шы Аралас экономикалық комитетінің жұмыстары аясында Түркияға келеді.

Вице-президент Фуат Октайдың шақыруымен бүгін Түркияға келетін Әзербайжан премьер-министрі Али Асадов ертең Октаймен кездеседі, артынан президент Ердоған тарапынан қабылданады.

Октай мен Асадов АЭК шеңберінде Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесінің үйлестіруімен екі елден 150 шақты іскер қатысатын Түркия-Әзербайжан Бизнес форумына қатысады.

Түркия –Әзербайжан 9-шы Аралас экономикалық комитеттің жиналысы болса 19 ақпан күні болады. Әзербайжан делегациясының сапары арысында екі ел арасында келісімдерге қол қойылады.



Ұқсас жаңалықтар