Әзербайжанға мина тазалау жабдығы экспорт етілді

Ұшақпен Кайсериден жолданған алғашқы топтағы мина тазалау жабдықтарының Бакуге жеткізілгені хабарланды.

1577571
Әзербайжанға мина тазалау жабдығы экспорт етілді

Әзербайжанға экспорт етілген мина тазалау жабдығының (MEMATT) алғашқы бөлегі астана Бакуге жетті.

Ұлттық Қорғаныс министрлігіне қарасты Әскери фабрика және кеме жасау өнеркәсібі компаниясының әлеуметтік желісінде жарияланған мәлімдемеде Әуе күштері қолбасшылығына қарасты ұшақпен Кайсериден жолданған алғашқы топтағы мина тазалау жабдықтарының Бакуге жеткізілгені хабарланды.

Мәлімдемеде:

"Экспорт етілген жергілікті және ұлттық өнім мина тазалау жабдықтарының Әзербайжанға қайырлы болуын тілейміз" деп жазылды.  



Ұқсас жаңалықтар