"Қанды қаңтарды" еске алды

"Отандары үшін жандары пида болған Әзербайжанның барлық перзенттерін құрметпен еске аламыз» деп айтылды.

1567070
"Қанды қаңтарды" еске алды

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі Түрік Кеңесі Әзербайжанда «Қанды қаңтар» деп аталып кеткен 20 қаңтар қырғынының 31 жылдығын еске алды.

Түрік Кеңесі әлеуметтік желіде осы күнге байланысты хабарлама жариялады. Еске алу хабарламасында «Қара қаңтар» деп аталып кеткен 20 қаңтар 1990 Баку қырғынына байланысты Түрік Кеңесі ретінде отандары үшін жандары пида болған Әзербайжанның барлық перзенттерін құрметпен еске аламыз» деп айтылды.

1990 жылдардың басында армяндардың территория талап етуіне және Кеңес үкіметіне қарсы наразылықтарын білдірген мыңдаған Әзербайжан азаматы Бакудің Азаттық алаңында жиналды. Осындағы митингтерді ыдырату үшін 20 қаңтар күні Бакудің түрлі аймақтарына кірген 26 мың адамдық Кеңес Одағы армиясы 147 адамды қырды, жүздеген адам жараланды.



Ұқсас жаңалықтар