"Армяндардың зиянын есептеп жатырмыз"

Ильхам Әлиев ISESCO директорын қабылдады.

1563074
"Армяндардың зиянын есептеп жатырмыз"

Әзербайжан президент Ильхам Әлиев оккупациядан азат етілген аймақтарға Арменияның зияндарын есептей бастағандарын білдірді. «Бұл да бізге шабуылдаушы Армения елін халықаралық сотқа беруге мүмкіндік береді» деді ол.

Әлиев Әзербайжанда байланыс жүргізген Ислами Білім, ғылым және мәдениет ұйымы ISESCO директоры Салим әл Маликті қабылдады. Қабылдауда президент Әзербайжан армиясы оккупациядан құтқарған жерлерде барлық нәрсенің армяндар тарапынан жойылғанын,  мұның да аймақтан Әзербайжан мәдениетінің ізін өшіру мақсатты жасалғанын айтты.

Әлиев басқыншылықтан құтқарылған армяндардың зиянын есептеу процесінің басталғанын білдірді. «Танымал халықаралық компаниялардың көмегімен материалдық,  мәдени,  рухани зиян есептеледі және бұл шабуылдаушы Армения мемлекетін халықаралық сотқа беруімізге мүмкіндік береді» деді ол.

Президент: «Армяндар 70 мешітімізді қиратты.  Бірақ біз барлығын қайта саламыз» деді.

ISESCO директоры Малик те Әзербайжанның жеңісімен құттықтап: «Сіздің жеңісіңіз – ISESCO-ның жеңісінің бір бөлшегі» деді.



Ұқсас жаңалықтар