Өзбекстанда ең көп компания құрған ел - Түркия

Тізімде Түркиядан кейін Ресей келеді.

1562932
Өзбекстанда ең көп компания құрған ел - Түркия

Түркия 2020 жылы Өзбекстанда ең көп фирма құрған ел атанды.

Өзбекстан Мемлекеттік статистика комитетінің деректеріне қарағанда, 2020 жылы Өзбекстанда 305 компания құрған Түркия шетелдік капиталмен ең көп компания құрған елдер тізімінде бірінші орын алды.

Статистикалық деректерге қарағанда,  былтыр 11715 шетел капиталды компания қызметін бастады.  Өзбекстанда ең көп компания құрған елдер тізімінде Түркиядан кейін 265 компаниямен Ресей екінші, 147 компаниямен Қытай үшінші орында. Бір жылда ел көлемінде Қазақстан капиталымен 110, Оңтүстік Кореялық 77 компания құрылды.

Шетел капиталды компаниялар көбіне елдің Ташкент, Самарқанд және Сурхандерия облыстарында құрылды. Шетелдіктер көбіне өнеркәсіп, сауда, құрылыс және егіншілік саласына инвестиция салды.

2021 жылдың 1 қаңтарындағы дерекке сәйкес Өзбекстанда шетел капиталды барлығы 11 мың 781 компания жұмыс істейді.

2019 жылы болса шетелдік 3 330 компания құрылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар