Әзербайжан, Ресей және Армения арасында ортақ декларация

Үш ел Таулы Қарабахтағы қатынас жобаларына байланысты декларация жариялады.

1561715
Әзербайжан, Ресей және Армения арасында ортақ декларация

Әзербайжан, Ресей және Армения Таулы Қарабахта экономикалық байланыстар құрылуы және инфрақұрылымға байланысты жобаларды жетілдіру тақырыбында ортақ декларация жариялады.

Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен Кремльде төрт сағат кездесті. Таулы Қарабах жиналысынан кейін баспасөздің сұрақтарына жауап берді.

Путин Таулы Қарабахта экономикалық байланыстар құру және инфрақұрылымға байланысты жобалардың жетілдірілуіне бағытталған ортақ декларацияға қол қойылғанын хабарлады.  Путин: «Осы мақсатта Ресей, Армения және Әзербайжан вице-премьерлері басшылығында жұмыс тобы қалыптастырылады» деді.

Әзербайжан президенті Әлиев те Ресей президенті Путинмен екі жақты кездесуінде ортақ декларацияның маңызына тоқталды. «Әзербайжан 30 жылдан кейін Армения арқылы қатынас жолымен Нахчыван автономдық республикасымен байланыс құрады» деді ол.
Арменияның да Әзербайжан арқылы Ресей және Иранға теміржолымен байланысатынын білдірген Әлиев: «Әзербайжан ретінде Нахчыван автономдық республикасы арқылы түрік нарығына жететін боламыз. Сонымен бірге Түркия мен Ресей арасындағы теміржолы байланысы да қамдалады» деді.



Ұқсас жаңалықтар