БҰҰ ғимаратына Абай бюсті

БҰҰ Женева бөлімшесінде қазақтың ұлы ақынының бюсті ашылды.

1551412
БҰҰ ғимаратына Абай бюсті

 БҰҰ Женева бөлімшесінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған бюст тұрғызылды.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, іс-шараға бөлім басшылығы мен қызметкерлері, БҰҰ-ға мүше бірқатар мемлекеттің өкілдері қатысты. Салтанатты шарада қатысушылардың назарына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясында Абайдың 175 жылдығына арналған баяндамасынан үзінділер және Абайдың тарихи отанында оған ашылған ескерткіш туралы фильм ұсынылды.

 БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валовая БҰҰ-ның 75 жылдығына орай Ұлттар сарайының тарихи ғимаратында бюсттің ашылуының символдық мәні бар екенін атап өтті. Ол қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елдің халықаралық саясаттағы, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамудағы маңызды рөлі мен жетістіктерін атап өтті.

Қазақстанның Женевадағы БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова өз өмірін ағартушылыққа арнаған Абайдың 175 жылдығы биыл бүкіл әлемде кеңінен атап өтілгенін айтып кетті. Оның айтуынша, Абай шығармашылығы елдер мен халықтардың жақындасуына ықпал етті, оның толеранттылық, махаббат идеялары БҰҰ-ның 75 жылдығында аса өзекті болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар