Ердоған Әзербайжанның жеңіс рәсіміне қатысады

Әзербайжан армиясының Таулы Қарабахта қол жеткізген жеңісіне орай астана Бакуде Азаттық алаңанда әскери парад өткізіледі.

1540188
Ердоған Әзербайжанның жеңіс рәсіміне қатысады

Әзербайжан қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда құрлық, әуе және теңіз күштерінің қатысуымен әскери рәсім сынағы жасалады. 

Соғыста батырлық танытқан үш мың әскер қатысатын парад рәсімінде армия тарапынан қолданылған заманауи қару және жабдықтар да орын алады. 

Рәсімде сонымен қатар Әзербайжан армиясының Армения армиясынан қолға түсірілген қарулы көліктер және басқа қарулар да көрсетіледі. 

10 желтоқсанда өткізілуі жоспарланған рәсімде Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоғанның қатысуы күтілуде. 

 



Ұқсас жаңалықтар