Әзербайжан Таулы Қарабах шейіттерін еске алды

Әзербайжан жерін оккупациядан құтқару үшін жүргізілген операцияда шейіт болған сарбаздар ел көлемінде еске алынды.

1539608
Әзербайжан Таулы Қарабах шейіттерін еске алды

Таулы Қарабах соғысында жанын пида еткен шейіттерді еске алған Әзербайжанда тіршілік 1 минутқа тоқтады. Жергілікті уақытпен сағат 12:00-де жүргізушілер көліктерінен түсіп, үнсіз еске алды. Кейінірек көліктерден сигнал дыбыстары көтерілді.

Баку Шейіттер аллеясына барған азаматтар да сағат 12:00-де бір минут үнсіз еске алуға қосылды. Сонымен қатар Каспий теңізінің жағалауындағы кемелердің гудогы естілді.

Түркияның Әзербайжандағы өкілетті елшілігі ғимаратында да шейіттерге тағзым етілді. Өкілетті елші Эркан Өзорал мен елшілік қызметкерлері Ататүрік бюсті алдына жиналып, бауырлас Әзербайжан шейіттеріне деген құрметтерін білдірді.

Әзербайжанның екінші үлкен қаласы Генджеде де сағат 12:00-де тіршілік бір минутқа тоқтады. Қаланың орталық алаңына орнатылған дәу экранда қақтығыстар мен жеңістің бейнекөріністері көрсетілді.

Қалалық алаңға жиналғандарға қоса көліктерінен шыққан азаматтар да бір минуттық үнсіз еске алуға қатысты. Таңертең Баку шейіттер аллеясында өткен рәсімге президент Ильхам Әлиев пен жұбайы Михрибан Әлиева қатысты.

Әзербайжанның Мемлекеттік әнұраны ойналған рәсімде Әлиев Мәңгілік от ескерткішіне гүл шоғын қойды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі 27 қыркүйекте басталған және 10 қарашада Арменияның жеңілісті қабылдаған келісімге қол қоюымен аяқталған соғыста 2 мың 783 әзербайжандық жауынгердің шейіт болғанын хабарлаған болатын.

Әзербайжан армиясы 27 қыркүйекте бастаған операцияда 5 қала орталығы, 4 аудан және 286 ауылды оккупациядан құтқарған соң Армения жеңілісті қабылдап, Ағдам, Лачын және Келбеджер провинцияларынан шегінетінін уәде еткен келісімге қол қойған еді.



Ұқсас жаңалықтар