Түркістан халықаралық әуежайына алғашқы ұшақ келіп қонды

Түркістан мен Нұр-Сұлтан қалалары арасындағы тұрақты рейс ашылды.

1538091
Түркістан халықаралық әуежайына алғашқы ұшақ келіп қонды

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай отандық әуе компаниясының Түркістан мен Нұр-Сұлтан қалалары арасындағы тұрақты рейсі ашылды.

Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлады.

 ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша бірінші кезеңде Түркістан қаласының жаңа халықаралық әуежайынан «Fly Arystan», «Qazaq Air» және «SCAT» әуе компаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына күнделікті рейстер орындайды.Түркі әлемінің рухани орталығы ретінде Түркістан Қазақстанның басқа облыс орталықтармен байланысады.

Халықаралық бағыттардың ішінде ең алдымен Стамбул және Дубайға рейстер ашу жоспарланып отыр. Болашақта басқа қалаларға, оның ішінде Мәскеу, Баку, Самарқанд және басқа қалаларға рейстер ашылатын болады.



Ұқсас жаңалықтар