Атамбаевтың ісі қайта қаралады

Бұл туралы Атамбаевтың адвокаты білдірді.

1537035
Атамбаевтың ісі қайта қаралады

Қырғызстан Жоғары соты қылмыстық топ басшысы Азиз Батукаевтың еркін жіберілуіне жауапты деп есептеліп, 11 жыл 2 ай бас бостандығынан айрылған бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтің ісін қайта қарайды.

Алмазбек Атамбаевтың адвокаттарының бірі Замир Зошев Атамбаев түрме жазасын алған аудандық және қала соттарының үкімдерінің жарамсыз болып табылуына байланысты Жоғары сотқа өтініш бергендерін білдірді.  Ол Жоғары соттың тексеруді аяқтап, үкімдерді бұзғанын, істі қайта қарау үшін Бішкектегі Первомай аудандық сотына жолдағанын хабарлады.

Осы арада Жоғары сот ғимараты алдында күні бойы Атамбаевты қолдап отырған жақтастары акцияларын тоқтатты.



Ұқсас жаңалықтар