Әзербайжанда мина жарылуы салдарынан 4 азамат қаза тапты
Жарылған минаның аймақтан кері шегінген Армения күштері тарапынан көмілгені және танкке қарсы мина екені жарияланды.
1536082

Армения күштері көміп кеткен минаның жарылуы салдарынан әзербайжандық 4 бейбіт тұрғын қаза тапты.
Әзербайжан Бас прокуратурасынан жасалған мәлімдемеде 21 қазанда Армения жаулап алуынан құтқарылған Фузули уәлаятының Төменгі Сеитахметли ауылында бір көлік минаның үстінен өткенде жарылғаны білдірілді.
Минаның жарылуы себепті көліктегі 4 кісінің қаза тапқаны хабарланды.
Жарылған минаның аймақтан кері шегінген Армения күштері тарапынан көмілгені және танкке қарсы мина екені жарияланды.
Ұқсас жаңалықтар

Шушаның Мәдениет астанасы болуын ұсынды
Бағдат Әміреев Шуша қаласының 2022 жылдың Түрік Әлемі мәдениет астанасы болуын ұсынды.