Әзербайжанның территория тұтастығы қайта қамдалды

СІМ Байрамов ҚЭЫҰ жиналысында сөз сөйледі.

1535691
Әзербайжанның территория тұтастығы қайта қамдалды

Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов Таулы Қарабах проблемасының шешімінде қайта құру, реабилитация және бейбітшілікте бірге өмір сүруді қамдау сатысына келінгенін айтты. Байрамов Қаратеңіз Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 42-ші жиналысында сөз сөйледі.

Сыртқы істер министрі Байрамов Әзербайжан, Армения және Ресей арасында қол қойылған декларацияның Таулы Қарабах проблемасының шешілуінде жаңа парақ ашқанын атап көрсетті.

Байрамов Арменияның Қарулы күштерінің Әзербайжан жерінен кеткенін,  Әзербайжанның территория тұтастығы мен егемендігінің қайтадан қамдалғанын білдірді. Ол қақтығыс аймақтарына бітімгер әскерлер орналастырылғанын, бітімнің орындалуын бақылайтын бір орталық құрылатынын еске салды.  «Қақтығыстың шешілуінде қайта құру, реабилитация және бірге өмір сүруді қайта қамдау сатысына келдік.  Дамудың және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері ортаға шығуда және Қаратеңіз Экономикалық ынтымақтастық ұйымы жаңа шындықтар шеңберінде осы мүмкіндіктерді қарастыруы керек» деді ол.

Сыртқы істер министрі аймақтағы барлық экономикалық және транспорттық желілердің ашылатынын айтып: «Бұл Азия мен Еуропа арасында аймағымыздың саудадағы ролін нығайта түседі. Өміршең маңыздағы тәуелсіз құрлық дәлізі ашылады деген мағынаға келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар