Арменияның қылмыстары әлемге әшкереленеді

Мемлекеттік Омбудсмен мекемесі Әзербайжанның Таулы Қарабах аймағында Армения армиясының заң бұзушылықтарына байланысты рапорт дайындады.

1535015
Арменияның қылмыстары әлемге әшкереленеді

 

ТР Мемлекеттік Омбудсмен мекемесі (KDK) Әзербайжанның Таулы Қарабах аймағында Армения армиясының заң бұзушылықтарына байланысты рапорт дайындады.

Бас омбудсмен Шереф Малкоч Армения армиясының Әзербайжан жеріндегі соғыс қылмыстары айтылған рапортты әлемдегі осы тақырыпқа қатысты мекемелер мен Еуропа Одағы елдерінің парламенттеріне жолдайтындарын білдірді.

Малкоч омбудсмендердің екі түрлі міндеті бар екенін атап көрсетіп,  бұлардың бірінің елде қоғамға қызмет ететін әкімшілік пен азаматтар арасындағы проблеманы араағайындықпен шешу, екіншісінің де ұлттық және халықаралық деңгейде адам құқықтарын қорғау екенін айтты.

Ол рапортты дайындау процесінде Әзербайжанға барып, Армения армиясының тигізген зиянын тексергендерін,  шабуылға ұшыраған елді мекендерді аралағандарын баса айтты. «Әзербайжанға сапарымызда, әсіресе соғыс майданынан тыс жерлердегі елді мекендерде,  Генже, Тертер, Горанбай, Агдам, тіпті Баку маңында зымыран лақтырылған жерлерді араладық. Генже қаласы соғыс желісінің бірнеше км қашықтығында болғанына қарамастан, Арменияның зымыран шабуылдарына ұшырады. Тертер де дәл солай атқыланды» деді ол.

Малкоч Арменияның шабуылдарында 94 бейбіт тұрғын қаза тапқанын,  414 адамның жарақат алғанын білдірді. Ол «Барлығымыз соғыс болмасын деп тілейміз,  бірақ халықаралық құқыққа сай заңды қорғаныс және басқа да себептермен соғыс болып жатады. Ал соғыс майданының 100-150 километр қашықтығындағы бейбіт елді мекендерді атқылау адамдық қылмыс. Бұл Еуропадағы Адам құқықтары келісімінде көрсетілген негізгі құқықтарға, Женева келісіміне қайшы» деді.

Малкоч Әзербайжандағы тексеруде шабуылдың қайғылы нәтижесіне куә болғандарын айтты. «Шабуылдар нәтижесінде қаза тапқан азаматтардың жақындарымен,  жарақат алған азаматтармен сөйлестік. Анасы мен әкесінен айрылып қалған балаларды көрдік. Қираған мектептерді, құлаған үйлерді көрдік.  Ғибадатханалардың жағдайын білдік. Төңірекке қалай зиян келгенін, тыйым салынған қару мен бомбалардың қалай қолданылғанын көрдік. Рапортта барлығына орын бердік» деді.

Малкоч жеті бөлімнен тұратын рапортта «Таулы Қарабах проблемасы», «Орнында жүргізілген тексеру нәтижесінде анықталған факттер», «Адам құқықтары тұрғысынан қақтығыстар» секілді тақырыптар бар екенін айтты. «Бұдан басқа біздің рапортымызда Армения қарулы күштері тарапынан жүзеге асырылған шабуылдардың хронологиялық тізімін жасадық. Армения қарулы күштерінің шабуылдарында қаза тапқан азаматтардың суреттері мен қай жерде қаза тапқандарын көрсетіп бердік» деді ол.

Бас омбудсмен Малкоч былай деді: «Соғыс қылмысын жасағандарды, бейбіт тұрғындарды қырғандарды, қоршаған ортаны қиратқандарды, түннің бір уағында бір жасар балалар немесе қарияларды, соғысқа қатысы жоқ жазықсыз кісілерді өлтіргендерді анықтауға тырыстық. Бұлардың халықаралық сотта сотталуы үшін жұмыстандық. Енді осы рапортты Түркиядағы қатысты мекеме мен ұйымдар, әлемдегі барша адам құқықтары мекемелеріне, омбудсмандарға және адам құқықтарын қорғаушыларға жолдаймыз. Еуропа Одағына мүше елдердің парламенттерінің адам құқықтары комитеттеріне де жібереміз. Айырықша Әзербайжанға да жібереміз. Адамзат және адам құқықтарына деген жауапкершіліктерімізді орындауға тырыстық. Бұдан кейінгісі халықаралық ұйымдардың ісі. Осындай қылмыс жасағандарды, бейбіт халықты қырғандарды, Женева келісіміне, Еуропа Адам құқықтары келісім мен Адам құқықтарының жаһандық келісіміне қайшы қозғалғандарды соттау үшін прокурорлардың, соттардың алдына шығару әрине басқаларының да жауапкершілігінде. Біздің міндетіміз осы факттерді тіркеп алу».

Арменияның соғыс қылмысы жасағанына қарамастан есеп сұралмайтынын ойлағанына назар аударған Малкоч: «Олар мынаны ұмытты, қазіргі әлем бұрынғы әлем емес. Әзербайжан бұрынғы Әзербайжан емес. Түркия бұрынғы Түркия емес. Сондықтан олар қазірге дейін өздерін еркелетіп келгендер қорғайды деп ойлайды. Бірақ аталмыш рапорт Арменияның адам құқықтарын бұзушығылығында халықаралық соттарда айғақ болады» деді.

Ол 10 қараша күнгі келісімнен кейін Армения кері шегінген соң артта қалған талан-тараждың ортаға шыққанын айтты. «Шуша, Агдам, Тертер және Келбежерде тарихқа қарсы істелген қылмыстар тіркелді. Мешіттерді шошқа қораға айналдырған.  Мұсылмандардың қабірін қиратқан. Ходжалыдағы қырғын мен басқа да қылмыстардың есебі міндетті түрде сұралады» деді ол.

Рапортта Арменияның қақтығыс желісінен алыста орналасқан бейбіт елді мекендерге шабуылдағаны атап көрсетілген. «Армения Қарулы күштері бейбіт елді мекендерге шабуылдап, қолдануға тыйым салынған бомбаларды қолданып, әрі бейбіт халықтың өмір сүру құқығын бұзды, әрі Халықаралық адам құқығы шеңберінде соғыс қылмысын істеді» деп айтылды. Рапортта сондай-ақ зымырандармен атқыланған елді мекендердің суреттері де орын алды. Шабуылдарда 3 мың 410 үй, 120 көп қабатты  тұрғын үй мен 512 қоғамдық ғимаратқа ауыр зиян тиген.

Сонымен бірге шабуылда жақындарынан айрылып қалған азаматтармен сұхбаттарға да орын берілген. Мысалы Генжедегі бір үй туралы «Шабуылда анасы, әкесі және әжесінен айрылып қалған екі жасар Нилайдың нағашы апасымен таныстық. Нағашы апасы Нилайдың анасының аяғының ауыр екенін, әлі дүниеге келмеген бауырынан да айрылып қалған Нилайдың тоқтамастан жылап, анасын сұрағанын айтты»



Ұқсас жаңалықтар