11 мыңнан астам азамат атамекенге оралды

11,8 мың адам Қазақстанға оралып, оралман мәртебесін алды.

1534295
11 мыңнан астам азамат атамекенге оралды

2020 жылғы 1 қарашадағы деректерге сай, 11,8 мың адам Қазақстанға оралып, оралман мәртебесін алды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 69,1 мың этникалық қазақ оралды.

«Осы жылы Қазақстанға келген этникалық қазақтардың жартысынан көбі (55,5%) Қытайдан, 28,8% – Өзбекстаннан, 9,1% – Түркіменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% — басқа елдерден келді. Этникалық қазақтар негізінен Алматы (52,3%), Маңғыстау (13,4%) және Түркістан (5,5%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Алматы қалаларына (5,7%) қоныстанды. 

10 айдағы мәлімет бойынша, еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 55,9%, еңбекке қабілетті жастан кішілер 32,6% және зейнеткерлер 10,5% құрайды», - делінген хабарламада.



Ұқсас жаңалықтар