Нобель сыйлығының лауреаты материалдық көмек берді

Азиз Санжар Арменияның баллистикалық шабуылында ата-анасы қайтыс болған Хатиже Шахнезерованың білім алуы үшін материалдық көмек берді.

1532580
Нобель сыйлығының лауреаты материалдық көмек берді

Нобель сыйлығының лауреаты, түрік ғалым Азиз Санжар Арменияның баллистикалық шабуылында ата-анасы қайтыс болған Хатиже Шахнезерованың білім алуы үшін материалдық көмек берді.

Әзербайжан мемлекеттік хабар агенттігі AzerTac-та жарияланған хабарда түрік ғалымның Әзербайжанның Гендже қаласына Армения тарапынан зымыран лақтырылғанда жетім қалған баланың оқуына көмектесетіні айтылды.  Ғалым Генже қаласына шабуыл көріністерін көргенде қатты қайғырған, соғыста зардап шеккен балалардың білім алуы үшін фонд құрылуының пайдалы болатынын айтқан.

Америка Құрама Штаттарында өмір сүретін Азиз Санжар шабуылда ата-анасынан айрылған үш жасар Хатежинің білім алуына байланысты ашылған есепшотқа материкалдық көмек жіберді.

Таулы Қарабахта қақтығыстар болып жатқанда Армения Генже қаласына екі мәрте баллистикалық зымыранмен шабуылдады. Осы шабуылдарда 26 бейбіт тұрғын қаза тапқан еді.

17 қазан күнгі шабуылда Хатиже үйінді астынан шығарылған еді.  Ал әкесі, шешесі және бір жарым жасар сіңлісі қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар