Макрон Әлиевпен және Пашинянмен сөйлесті

Макрон Қарабахқа гуманитарлық көмек беретінін айтты.

1531203
Макрон Әлиевпен және Пашинянмен сөйлесті

Франция президенті Эммануэль Макрон Әзербайжан президенті және Армения премьер-министрімен сөйлесті. Макрон Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон әңгімесінде екі ел арасында қол қойылған келісінен кейін Францияның басымдықтарын тілге тиек етті.

Қақтығыстар тоқтатылғаннан кейін Таулы Қарабахта халықтың қорғалуы және соңғы апталарда үйлерінен қашқан он мыңдаған адамның қайта оралуы үшін келіссөздің игі ниетпен басталуы керектігін атап көрсетілді. Макрон елінің Таулы Қарабах аймағына гуманитарлық көмек беретінін айтып, діни және мәдени мұраның сақталуы үшін шара қолдануды сұрады.



Ұқсас жаңалықтар