Әлиев Түркияның рухани және саяси қолдауына алғыс айтты

Әлиев: "Бауырым Ердоғанға телефон шалып, рахмет айттым. Түркияның рухани және саяси қолдауына Әзербайжан халқының алғысы шексіз" деді.

1526150
Әлиев Түркияның рухани және саяси қолдауына алғыс айтты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түркияның рухани және саяси қолдауының елінің жеңіске жетуінде маңызды рол атқарғанын айтты.

Әлиев Таулы Қарабахтағы операцияларда жараланған әскерлер емделіп жатқан аурухаға барып, әскерлердің көңілін сұрады.

2-ші Қарабах соғысының тарихта Әзербайжанның абыройлы жеңісі ретінде тіркелетінін айтқан Әлиев жеңіске жету үшін бүкіл халықтың береке-бірлік және ұйымшылдық көрсетінін атап өтті.

Әлиев жылдар бойы атамекеннен алыс қалған және "қашқын" деп аталған азаматтардың енді осы жаман аттан құтылғанын, қысқа уақытта отандарына қайта оралатынын білдірді. 

Ел ретінде оларды қайтарып әкелетіндерін айтқан Әлиев:

"Алдымен қауіпсіздік шараларын қамдаймыз, дұшпан аймақтың барлық жеріне мина көмген. Минаны тазалау басталды. Бұған халықаралық ұйымдарды да шақырамыз. Өйткені өз күшіміз жетпейді. Қауіпсіздіктен кейін инфрақұрылым, артынан құрылыс жұмыстарын қолға аламыз" деді.

Әлиев:

"Бұл бір мереке, бізбен бірге бауырлас Түркия да тойлауда. Бұл табиғи, біз бір ұлтпыз. Бауырым Ердоғанға алғыс айтамын, телефон шалып, рахмет айттым. Түркияның рухани және саяси қолдауына Әзербайжан халқының алғысы шексіз" деді.  



Ұқсас жаңалықтар