ҰҚМ Әзербайжан армиясын құттықтады

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Шуша қаласын Армения жаулап алуынан құтқарған Әзербайжан армиясын құттықтады.

1524024
ҰҚМ Әзербайжан армиясын құттықтады

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабахтағы төтенше маңызға ие Шуша қаласын Армения жаулап алуынан құтқарған Әзербайжан армиясын құттықтаған үндеу жариялады.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Твиттер желісінде жарияланған мәлімдемеде:

"Батыр Әзербайжан армиясы Таулы Қарабахтағы төтенше маңызға ие Шуша қаласын Армения жаулап алуынан құтқарды. Құттықтаймыз! Әзербайжан түрік бауырластарымыз 28 жылдан кейін Шушадағы атақты бұлбұл гүлінің (Тек қана Шушада өсетін өсімдік) гүл ашқанын көреді, жұпар иісін иіскейді. Қандай бақыт!" деп жазылды.



Ұқсас жаңалықтар