Армяндар мешітті шошқа қораға айналдырған

Армяндар Губадлы уәлаятының Мемер ауылындағы мешіт пен діни мекендерді шошқа қораға айналдырғаны білдірілді.

1523386
Армяндар мешітті шошқа қораға айналдырған

Әзербайжан президентінің орынбасары Хикмет Хажиев армяндардың жаулап алған Губадлы уәлаятының Мемер ауылындағы мешіт пен діни мекендерді шошқа қораға айналдырғанын хабарлады.

Хикмет Хажиев Твиттер желісінен 30 қазанда Әзербайжан армиясы тарапынан жаулап алудан құтқарылған Губадлы уәлаяты Мемер ауылының  көрінісін бөлісті. 

Көріністерде мешіт пен діни мекендердің күйретілгені және шошқа қораға айналдырылғаны көрінуде.

Хажиев 18 ғасырда салынған мешіттің ойрандалуы армян опасыздығының бейнесі екенін айтып, БҰҰ Білім, Ғылым және мәдениет ұйымы ЮНЕСКО, Ислам Білім, Ғылым және мәдениет организациясы мен Ислам Ынтымақтастық ұйымын осы жауыздық әрекеттерді дереу айыптауға шақырды. 

Амяндардың жаулап алған Зенгилан қаласындағы мешітті де шошқа қораға айналдырған көріністері көрсетілген болатын. 



Ұқсас жаңалықтар