Әзербайжан Армениядан 193 елді мекенді құтқарды

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Әзербайжанның қазірге дейін жалпы 193 елді мекенді жаулап алудан құтқарғанын хабарлады.

1519784
Әзербайжан Армениядан 193 елді мекенді құтқарды

Әзербайжан армиясы Армения армиясынан құтқарылған елді мекен санын 193-ке көбейтті.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Әзербайжанның қазірге дейін жалпы 193 елді мекенді жаулап алудан құтқарғанын хабарлады.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік ақпарат желісінен Әзербайжандағы соңғы жағдайға байланысты мәлімдеме жарияланды.

Мәлімдемеде Арменияның бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-мен ынтымақтастық орнатып, атысты тоқтату келісіміне қайшылық жасағаны және бейбіт халықты қырғындауды жалғастырғаны баса айтылды.

Министрліктің мәлімдемесінде:

"Батыр Әзербайжан армиясы майданда  күші мен қабілетін жарыққа шығарып,  асқақ жігермен күресу арқылы жауланып жатқан өз территориясын құтқаруды жалғастыруда. Табысты шабуыл әрекетімен Армения армиясынан құтқарылған елді мекен санын 193-ке жеткізді" деп хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар