Арменияның шабуылдарында 90 бейбіт адам қаза тапты

Арменияның шабуылдарында қазірге дейін 90 бейбіт адам қаза тапты.

1518086
Арменияның шабуылдарында 90 бейбіт адам қаза тапты

Арменияның Әзербайжан тұрғын аймақтарына снаряд және зымырандармен жасаған шабуылдарында қазірге дейін 90 бейбіт адам қаза тауып, 392 адам жарақат алды.

Әзербайжан бас прокуратурасы 27 қыркүйек - 29 қазан күндері арасында Арменияның шабуылдары салдарынан қаза тапқандарды жариялады.

Осыған қарағанда аталмыш кезеңде араларында әйелдер мен балалар да бар 90 әзербайжандық бейбіт адам қаза тапты, 392 адам жарақат алды.

Арменияның шабуылдарында 2 мың 406 баспана, 92 көпқабатты үй және 423 мемлекеттік ғимарат қирады.



Ұқсас жаңалықтар