Арменияға 30 әскердің мәйіті қайтарылды

Хажиев: "Армения армиясынан офицерлер мен әскерлердің 30 мәйіті мен 2 қарт азамат қайтарылды" деді.

1518203
Арменияға 30 әскердің мәйіті қайтарылды

Әзербайжан президентінің хатшысы Хикмет Хажиев қақтығыстарда қаза тапқан және Әзербайжан басқаруындағы аймақтарда қалған Арменияның 30 әскерінің мәйіті мен 2 қарттың Арменияға қайтарылғанын хабарлады.

Хажиев Арменияның бастабында мәйттерді алғысы келмегенін, Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың талпынысымен қайтарылғанын білдірді.

Мәйіттердің екі ел шекарасында Газах-Товуз өңірінде тапсырып берілгенін айтқан Хажиев:

"Армения армиясынан офицерлер мен әскерлердің 30 мәйіті мен 2 қарт азамат Арменияға қайтарылды" деді.

Хажиев  Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгуға және Халықаралық Қызыл крест комитетіне алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар