Әзербайжан мен Армения атысты тоқтатуға келісті
Екі ел арасында 26 қазан жергілікті сағат 08:00-де атысты тоқтату келісімі атқарыла бастады.
Әзербайжан мен Армения арасында Таулы Қарабахтағы қақтығыстар басталған 27 қыркүйектен бері 3-ші мәрте атысты тоқтату келісімі жасалды.
Екі ел арасында 26 қазан жергілікті сағат 08:00-де атысты тоқтату келісімі атқарылды.
Атысты тоқтату келісімі кеше кеште АҚШ тарапынан хабарланды. АҚШ Сыртқы істер министрлігі:
"Армения Сыртқы істер министрі Зограб Мнацаканян мен Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов 24 қазанда АҚШ Сыртқы істер министрінің орынбасары Стефан Бигунмен кездесті. Елдерінің 10 қазанда Мәскеуде жасалған атысты тоқтату келісімін атқаруға және келісімді атқаруға берілген кепілдіктеріне тәуелді екендерін растады" деген мәлімдеме жасады.
Жұма күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Әзербайжан және Армения Сыртқы істер министрлерімен жеке-жеке кездесті және Таулы Қарабахтағы қақтығыстарды шешу үшін дипломатиялық талпыныстардың жалғасатынына меңзеді.
Тараптар 10 қазан мен 18 қазанда да атысты тоқтатуды жариялаған. Алайда Армения күштері шешімнен бірнеше сағат өткенде Әзербайжанның Гендже қаласында бейбіт тұрғындарды нысанаға алған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Әлиев: "Франция, Үндістан және Грекия Арменияны қаруландыруда"
Әзербайжан президенті «COP29 және Әзербайжан үшін жасыл көзқарас» атты халықаралық форумға қатысты,