Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Қазақстанда

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Нұр-Сүлтанда қазақстандық әріптесі Нұрлан Ермекбаевпен бас қосты.

1516101
Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Қазақстанда

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Қазақстанмен әскери дайындық, ынтымақтастық және қорғаныс өнеркәсібі салаларында қалыптасқан қарым-қатынастардың одан әрі арта түсетінін мәлімдеді.

Хулуси Акар ресми сапар аясында барған Қазақстанның бас қаласы Нұр-Сүлтан қаласында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен оңаша бас қосты.

Кейін екі министр делегация аралық жиналысқа басшылық жасады.

Делегация аралық кездесу алдында мәлімдеме жасаған Акар Қазақстанмен өзара дамыған ынтымақтастыққа тоқталып, «әскери дайындық, ынтымақтастық және қорғаныс өнеркәсібі салаларында қалыптасқан қарым-қатынастардың одан әрі арта түсетініне, мұның елдеріміз бен қарулы күштеріміз үшін өте тиімді болатынына сенемін» деді.

Аймақтағы барлық жаңалықтарға қарамастан уақыт тауып, Қазақстанға барған Акарға алғысын білдірген Ермекбаев болса, «Дос және бауырлас елдер ретінде ынтымақтастығымызды одан әрі жетілдіруіміз керек» деді.

Ашылу рәсімінің артынан басталған делегация аралық кездесулер баспасөзге жабық өтті.

Кездесудің соңында министрлік естелік кітапшасына қол қойған Акар Ермекбаевпен өте тиімді бір кездесу жүзеге асқанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар