"Армения кепілдік берсе, атыс тоқтайды"

Ильхам Әлиев: "Бүгін Минск тобы тең төраларын сайлайтын болса, Әзербайжан сөзсіз Түркияның үміткерлігін қолдайды" деді.

1514225
"Армения кепілдік берсе, атыс тоқтайды"

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Арменияның келісімге бағынуы және жаулап алған аймақтарды босатуы үшін мұқият кепілдік берсе, атысты тоқтатудың ұзақ уақыттық болатынын айтты.

Жапонияның Nikkei  газетіне мәлімдеме жасаған Ильхам Әлиев Ресей президенті Владимир Путиннен Таулы Қарабах тақырыбын талқылау үшін шақыру алмағанын білдірді.

Таулы Қарабахқа бейбітшілік күш жолдануына қарсы емес екенін айтқан Әлиев:

"Алайда Әзербайжан бұл тақырыпта өз шарттарын белгілейді" деді. 

Түркия Әзербайжанның ең жақын одақтасы екеніне меңзеген президент Ильхам Әлиев: 

"Бүгін Минск тобы тең төраларын сайлайтын болса, Әзербайжан сөзсіз Түркияның үміткерлігін қолдайды" деді. 

Әлиев Таулы Қарабахта халық дауыс беруінің әсте жасалмайтынын қайталады.



Ұқсас жаңалықтар