Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1513717
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Президенттік аппараттың мәлімдемешісі Пашинянның мәлімдемесіне наразылық көрсетті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын Оңтүстік Кавказға бейбітшілік пен тұрақтылықтың тек қана Таулы Қарабахтың басқыншылықтан азат етілген соң орнайтынын жариялады. Мәлімдемеші Калын Твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Пашинянның «Таулы Қарабахта дипломатиялық шешім жоқ» мәлімдемесі Арменияның мақсатын ашық түрде ортаға қояды. Кімнің соғыс қалағаны ашық. Бұл Түркия мен Әзербайжанның заңдылығын растайды» деді.

Сабах газеті «Түріксат 5А жерсерігінің ғарышқа ұшырылатын уақыты белгіленді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу Түріксат 5А жерсерігінің қараша айының соңында ғарышқа ұшырылатынын атап, «Түріксат 5Б 2021 жылдың екінші ширегінде, алғашқы отандық коммуникация жерсерігі Түріксат 6А болса 2022 жылы ғарышқа ұшырылады» деді.

Хабер түрік газеті «Turkish Cargo сыртқы бағытта 6 жерді ұшу желісіне қосты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Turkish Cargo сыртқы бағытта 6 жерді ұшу желісіне қосты. Фирма Лондон, Бухарест, Бангкок, Сингапур, Бейрут және Лахорды жүк тасымалдау желісіне қосты.

Стар газеті «Түрік ғалымдары ауызды шаюмен коронавирусты анықтай алады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік ғалымдары жаңа тип коронавирусты (ковид-19) ауызды шаюмен сынама жасауға мүмкіндік беретін диагноз жинағы әзірледі. Бұл әдіспен мұрыннан емес, ауызды шайған соң қалған судан сынама жасалады.

Хүррийет газеті «'Әруақтар' Варшава фильм фестивалінен жүлдемен оралды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда сценарийі мен кинорежиссерлігін Азра Дениз Окйай, продюсерлігін Дилек Айдын жасаған «Әруақтар» атты фильм Варшава Фильм фестивалінің 36-шысынан елге жүлдемен оралды. «Әруақтар» атты фильмге Жастар Халықаралық фильм сценаристтер ұйымы қазылар алқасы тарапынан «үздік фильм» сыйлығы табыс етілді.



Ұқсас жаңалықтар