"Армения сабында PKK-лық террористтер соғысуда"

Әзербайжан вице-президенті Хикмет Хаджиев мәлімдеме жасады.

1513773
"Армения сабында PKK-лық террористтер соғысуда"

Әзербайжан вице-президенті Хикмет Хаджиев Арменияның Таулы Қарабахта бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық террористерді алдыңғы сапта қолданғанын атап көрсетті.

Хикмет Хаджиев Ұлыбритания Шетелдік журналисттер қоғамы тарапынанинтернет арқылы ұйымдастырылған іс-шарада сөйледі.

Сириядан Әзербайжанға шетелден жауынгер тасымалдағаны қауесетін толығымен қабылдамағанын тілге тиек еткен Хаджиев «Алдымен бұған біздің қажеттілігіміз жоқ. Біздің жетік бір армиямыз бар. Жеткілікті мөлшерде қосымша жасақтарымыз дайын» деді.

Армения сабында болса басқа елдерден тасымалданған жауынгерлер бар екеніне назар аударған Хаджиев Сирия мен Ливанға қоса АҚШ, Канада және әсіресе Франциядан армяндардың Армения Қарулы күштері сабына қатысқанын тілге тиек етті.

Арменияның (диаспорада өмір сүрген) армян текті азаматтарын соғыста қолдануының, бұл адамдардың Әзербайжан армиясына қарсы соғысып, әзербайжандық бейбіт адамдарды нысанаға алынуын тоқтатуды талап еткен Хаджиев «Сондай-ақ PKK террор ұйымының соғысқа қосылуы тақырыбында уайымдарымыз бар. Олар да Армения Қарулы күштері сабында соғысуда. Негізінде (PKK-лық террористтер) Армения Қарулы күштерінің алдынғы қорғаныс желісінде қызмет атқаруда» деді.

Арменияға әртүрлі елдерден қару тасымалданғаны туралы уайымдары бар екенін атап көрсеткен Хаджиев «Армения тарапы азаматтық ұшақтарын қару таымалдауында қолдануда. Бұл халықаралық Азаматтық авиация ережелеріне қарама-қайшы. Азаматтық ұшақтарға зымыран жүйелері жүктелуде. Сондай-ақ «гуманитарлық жәрдем» деп қару мен зымырандар әкелінуде. Армения мемлекеттік ұшағы ресми сапар жасағандай көрсетііп, Арменияға қару-жарақ тасымалдауда. Олармен Әзербайжанның бейбіт азаматтары өлтірілуде. Мұның да халықаралық баспасөз тарапынан жіті қадағалану керек» деді.

Түркия мен Әзербайжан арасында арнайы бір байланыс бар екеніне назар аударған Хаджиев «Түркия бізге берген моральдық қолдау, дипломатиялық қолдау, жағрапиялық қолдау. Түркия аймақтық бір ел. Түркия Әзербайжанға берген қолдау негізінде халықаралық заңдар шеңберінде жүзеге асуда. Әрине Түркия мен Әзербайжан арасында қорғаныс саласы ынтымақтастық келісімі бар. Алайда Әзербайжанның қорғаныс күшімен байланыстыруға болмайды немесе үшінші бір елдің соғысқа қосылуы деп бағаламау керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар