Түрікмен шебі бюросына шабуыл жасалды

Киркук қаласының Алтункопру аймағындағы бюросына бомба және молотов коктейлімен шабуыл ұйымдастырылды.

1512607
Түрікмен шебі бюросына шабуыл жасалды

Ирак Түрікмен шебінің Ирактың Киркук қаласының Алтункопру аймағындағы бюросына бомба және молотов коктейлімен шабуыл ұйымдастырылды.

Киркук Полиция басқармасының директоры Али Кемал белгісіз адамдар тарапынан бюроға бомба және молотов коктейлімен шабуыл ұйымдастырылғанын айтты.

Шабуылда жан шығыны болмағанын білдірген Кемал шабуылда шыққан өртте бюрода материалдық шығын шыққанын хабарлады.

Кемал оқиғаға байланысты Алтункопру аймағындағы полиция басқармасының тергеу бастап, шабуылшыларды іздестіргенін білдірді.

Ирак Түрікмен шебінің басшыларынан Зеки Ибрахим бюроға шабуыл жасалғанына назар аударып, орталық әкімшіліктен Киркукке қауіпсіздік қолдауы берілуін сұрады.  

Шабуылды ешкім мойнына алмады, аймақта этникалық топтар арасына іріткі салуды көздегендер болуы мүмкін көрінеді.  



Ұқсас жаңалықтар