Әлиев: Зенгилан қала орталығы армян басқыншылығынан құтқарылды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Зенгилан қала орталығына қоса тағы 6 ауылдың құтқарылғанын мәлімдеді.

1512636
Әлиев: Зенгилан қала орталығы армян басқыншылығынан құтқарылды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Зенгилан қала орталығы және 6 ауылымен Фузули, Джебраил және Ходжавендке қарасты 18 ауылдың азат етілгенін жариялады.

Әлиев халыққа үндеуінде Фузули қаласына қарасты Дөртчынар, Күрдтер, Жоғары Абдуррахманлы, Каргапазар, Ашағы Вейселли және Жоғары Айбасанлы, Джебраил қаласының Сарафша, Хасанкайды, Фуганлы, Имамбағы, Ташвейселли, Актепе және Яр Эхмедли, Ходжавенд қаласына қарасты Ағджакенд, Мүлкүдере, Ташбашы, Гүнешли және Венг ауылдарының азат етілгенін жариялады.

Әлиев Ходжавендтің Венг ауылының атауының Чынарлы ретінде өзгертілгенін атап көрсетті.

Әзербайжан армиясының Зенгилан қаласының дерлерін құтқара бастағанын білдірген Әлиев қала орталығымен Хавалы, Зернели, Мехмедбейли, Хекери, Шерифан және Муганлы ауылдарының енді Әзербайжанның бақылауында екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар