Әзербайжан мен Армения уақытша атысты тоқтатуға келісті

Атысты тоқтату шешімі жергілікті уақытпен сағат 00:00-де іске қосылды.

1511054
Әзербайжан мен Армения уақытша атысты тоқтатуға келісті

Әзербайжан мен Армения Гуманитарлық мақсатты уақытша атысты тоқтату бітімінде келісті.

Атысты тоқтату шешімі жергілікті уақытпен сағат 00:00-де іске қосылды.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесіне қарағанда Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы (ЕЫҚҰ) Минск тобы елдері АҚШ, Ресей және Франция мемлекет басшыларының 1 қазан күнгі декларациясымен ЕЫҚҰ Минск тобы тең төрағаларының 5 қазан күнгі хабарламасына негізделген және 10 қазан күнгі Мәскеу декларациясына сәйкес қабылданғаны жарияланған уақытша атысты тоқтату шешімі жергілікті уақытпен 00.00-ден бастап, іске қосылды.

Армения мен Әзербайжан Ресейдің бас қаласы Мәскеуде болып өткен келіссөздерде 10 қазан күні сағат 12.00-ден бастап Таулы Қарабахтағы мәйіттер мен тұтқындарды алмастыруды қамтыған гуманитарлық мақсатты «атысты» тоқтату шешімін қабылдаған еді.

Армения армиясы атысты тоқтату бітімінің артынан 24 сағат өтпей тұрғанда Әзербайжанның Гендже қаласына зымырандармен шабуылдаған 10 адам қаза тауып, 35 адам жарақат алған болатын.

15 қазан күні де Тертер қаласында жаназа рәсімі үшін зиратқа жиналған бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылда 4 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды. Кеше де опасыз шабуылдарын жалғастырған Армения армиясы Генджеге шабуылдап, 13 бейбіт тұрғын қаза тапқан, 50-ден астам адам жаралы түрде үйінділер астынан шығарылған еді.



Ұқсас жаңалықтар